{metadescription}
Ота кезінде науқас оянып кеткен

Ота кезінде науқас оянып кеткен

25 жастағы Ұлыбританиялық Фенн Сеттл өзіне соқырішек отасы жасап жатқанда оянып кеткен. 

Науқас денесіне пышақ тигендегі сезімдерін есіне алды.

“Ішімнің қатты ауырғанын сездім. Тамағыма қойылған түтік тыныс алуыма кедергі келтірді. Тұншығып өліп кеткендей болдым. Сал болып, қозғала алмағандықтан, ешкімге ештеңе айта алмадым”, – дейді Фенн.

Ол дәрігерлерге наркоздың күші қайтып кеткені туралы айта алмаған.

“Мен өзімнің ота үстелінде жатқанымды білдім. Не болып жатқанын барлығын сездім. Тек мен істей алған әрекет зәр шығару ғана болды”, – деп есіне алды ол.

Отадан кейін Фен медбикелерге оянып кеткенін айтса, олар сенбеген, жәй түс көрген шығар деп ойлаған.

Соған қарамастан, науқастан аурухана дәрігерлері кешірім сұрап, ақшалай өтемақы төлеп берген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.