{metadescription}
Даниал Ахметов Жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланды

Даниал Ахметов Жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланды

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының жаңа президенті сайланды.

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясының Кезектен тыс конференциясы өті. Жиын барысында Федерацияның жаңа президенті болып Кенжетайұлы сайланды.

Елордамыздың «Hilton» қонақүйінде өткен Кезектен тыс конференцияның күн тәртібінде екі мәселе қарастырылды:

ҚР Жеңіл атлетика федерациясын бұған дейін басқарған Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату. ҚР Жеңіл атлетика федерациясының жаңа президентін сайлау.

Осылайша, Атқару комитеті мүшелерінің бірауызды шешімімен Әділбек Жақсыбековтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, оның орнына ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті болып Ахметов Даниал Кенжетайұлы сайланды.

Сондай-ақ, Кезектен тыс конференцияда ҚР Жеңіл атлетика федерациясы Атқару комитетінің жаңа мүшелері бекітіліп, Әділбек Жақсыбеков Атқару комитетінің құрамына енді.

Дереккөз: vesti.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.