ВИДЕО: Туристер мінген арқан жол істен шығып бірнеше адам жарақат алды
Грузиядағы Гудаури тау-шаңғы курортында арқан жолдағы орындықтар істен шықты.
09:19 17.03.2018
Салдарынан он адам жарақат алды.
Грузияның Ішкі істер министрлігі оқыс оқиғаның мән-жайын тергеуді бастап кетті.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, тау-шаңғы трассасындағы арқанжол апатты жағдайда тоқтап, кері бағытта қозғалған. Соның салдарынан он адам орташа дәрежедегі жарақат алды.
«Оқиға орнына шаңғы патрулінің қызметкерлері, жедел жәрдем бригадасы келді. Зардап шеккендер Гудауридағы амбулаторияға жеткізілді», - делінген ведомсвто таратқан хабарламада.
Грузияның тау курортын дамытатын компания өкілдері мемлекетпен бірлесіп, зардап шеккендердің шығынын толық өтейміз деп отыр.
Гудаури - елдегі ең танымал тау-шаңғы курорттарының бірі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!