{metadescription}
17 жастағы жігіт дінін кемсіткен досын бауыздап тастады

17 жастағы жігіт дінін кемсіткен досын бауыздап тастады

АҚШ-тың Флорида штатында жасөспірім Құран оқып, жиһадқа шақыратын видео көргеннен соң қасындағы жолдасын бауыздап тастаған.

17 жастағы Кори Джонсон өзінің досы Кайл Бэнкрофт пен оның 13 жастағы інісі Дэйн Бэнкрофттың үйінде қонған. Белгілі болғандай, сол түні жасөспірімдер таныстарының туған күнін тойлапты.

Джонсон өзімен бірге алып келген пышақпен 13 жастағы туған күн иесін (Джованни Сиерру) пышақтап, бауыздаған.

Қылмыскер айқайды естіп, көмекке келмек болған балалардың анасына да тап беріп, оған 12 жерінен пышақ сұққан. Анасына көмекке келген досының інісі Дэйнді 32 жерінен пышақтаған.

Полицияны отбасының көршілері шақырған. Туған күн иесі оқиға орнында көз жұмды, 17 жастағы қылмыскер зардап шекпеген, анасы және оның екі баласының жағдайы жаман емес.

Мәліметтерге сүйенсек, жеткіншек достарын олармен бірдей діни көзқараста болмағаны үшін өлтірген.

Кори Джонсонның айтуынша, туған күн иесі (Джованни Сиерру) танымал адамдарды құдайға теңегендіктен, ал Дэйн Брэкфорд дінін кемсіткені ол үшін қатты қорланған. Сонымен бірге, қылмыс жасағанға дейін жеткіншектің Құран оқып, жиһадқа шақыру видеосын көргені белгілі болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.