{metadescription}
Аслан Шымбергенов Феликс Штамм турнирінің жеңімпазы

Аслан Шымбергенов Феликс Штамм турнирінің жеңімпазы

Польша мемлекетінде бокстан өткен Феликс Штамм халықаралық турнирінде Аслан Шымбергенов топ жарды. 

Варшава қаласында өткен байрақты бәсекеде Аслан 69 келі салмақта сынға түсіп, ақтық сынға дейін оңай жетті.

Финалда отандасымыз  ресейлік боксшы Сергей Собылинскийдің мысын басып, алтын жүлдеге ие болды.  

Айта кетейік, 35-ші рет ұйымдастырылып бұл додада Қазақстан құрамасынан 10 боксшы қатысып, 7-і жүлделі орыннан көрінді. 

Ілияс Сүлейменов (56 кг), Бекдәулет Ибрагимов (64 кг) және Антон Пинчук (91кг) алтын медаль иеленсе, Абай Төлеш (75 кг) пен Әділбек Ниязымбетов (81 кг) күміспен күптелді. Ал аса ауыр салмақта жұдырықтасқан Айболды Дәуренұлы қола жүлдені қанағат тұтты. 

Дереккөз: Qsport.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде