{metadescription}
Google интернетке ақысыз қосылатын Wi-Fi орындарын ашып жатыр

Google интернетке ақысыз қосылатын Wi-Fi орындарын ашып жатыр

«Google» Мексикада интернетке ақысыз қосылатын 56 Wi-Fi орындарын ашты.

«Google» корпороциясы «сымсыз нүктелер» арқылы Латын Америкасында өз пайдаланушылар санын арттыруды мақсат етіп отыр.

Уақыт өте келе, компания өзінің Wi-Fi нүктелер санын арттыруды көздеп отыр. Мексика «Google» компаниясы өзінің «Station» бағдарламасын жүзеге асырып жатқан алғашқы мемлекет.

Бұл бағдарлама интернетті тегін пайдалануды қамтамасыз етеді. Алғашында Wi-Fi орындары мемлекет бойынша, Сюдад-Хуаре әуежайынан бастап, АҚШ шекарасындағы жолдарға дейін, сонымен бірге Мексикадағы сауда орындарында қосылады.

Естеріңізге сала кетейік, «Google» осыған дейін Үндістан мен Индонезияға да Wi-Fi нүктелерін орнатқан еді. Бүгінгі күнде әр айда «Google Station» бағдарламасынан 8 миллион адам пайдаланып жатыр.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.