{metadescription}
ФОТО: Қарапайым тақта мен бордың көмегімен компьютерлік бағдарламаларды үйренуге болады

ФОТО: Қарапайым тақта мен бордың көмегімен компьютерлік бағдарламаларды үйренуге болады

Ганада информатика пәнінің мұғалімі қарапайым тақта мен бордың көмегімен оқушыларға аталған пәнді оқытып келген.

Оның бұл әрекеті желіде тарап кетіп, көпшіліктің жүрегін елжіретті. Тіпті, бриатниялық университеттердің бірі мен Microsoft компаниясы оқушыларға компьютер тарту етті.

Көптеген африкалық оқушы шынайы компьютерді алғаш көргендерін мойындады. Ал Ганада ұлттық емтиханнан өту үшін, оқушылар информатика пәні мен бағдарламалардың қалай жұмыс істейтінін білуі тиіс.

Десе де өз ісіне берілген мұғалімдердің бірі қажетті құралдар болмаса да, қарапайым тақта мен бордың көмегімен оқушыларға информатика пәнін оқытып келген. 

Мұғалім тақтаға Word бағдарламасын сызып көрсетіп, оқушыларға бағдарламаның қалай жұмыс жасайтынын үйретпек болған.

12 наурызда NIIT африкалық компьютерлік мектебі білім мекемесіне 5 компьютер мен информатика пәні бойынша оқулық берген. Мұғалім Ричард Акото Microsoft компаниясынан жеке комьютер мен білі беру бағдарламаларының кешеніне ие болды.

Сонымен қатар мұғалім таяуда Сингапурде өткен білім беру жөніндегі конференцияға шақырту алыпты. Ол жерде мұғалімге аталған сыйлықтар табысталды.

Десе де мұғалім оқушыларға тиісті деңгейде білім беру үшін әлі де бірнеше компьютер қажет екенін айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.