{metadescription}
ФОТО: Танымал КВН-ші Астана футбол федерациясының президенті болды

ФОТО: Танымал КВН-ші Астана футбол федерациясының президенті болды

Бүгін елордада Астана футбол федерациясының есептік-іріктеу конференциясы болып өтті.

Конференицяның күн тәртібінде «Астана» футбол федерациясының президенті Лашин Аймағамбетовтің есебі тыңдалып, федерацияға жаңа президент таңдау және атқарушы комитеттің құрамындағы өзгерістер мәселесі қаралды.

Атқарылған жұмыс бойынша АФФ президенті мен тәуелсіз аудитордың қаржылық есебі бекітілгеннен кейін конференцияның делегаттары өз өтініші бойынша АФФ президенті Лашин Аймағамбетовтың өкілеттігін тоқтатуға дауыс берді.

Федерацияның жаңа басшысы етіп бәрі бір ауыздан Мәлік Хасеновті таңдады.

Федерацияның атқарушы комитетінде де өзгерістер бар. Александр Коночкиннің өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін «Астана» футбол клубының атқарушы директорлығына Қайсар Бекенов келді.

АФФ сайтының хабарлауынша, Астана соңғы жылдары шынында да футбол сүйер қалаға айналып келеді. АФФ-тың басты бағыттарының бірі - балалар-жасөспірімдер футболын дамыту. Федерацияның жанында Балалар футбол орталығы табысты жұмыс атқарып жатыр.

Дереккөз: SPORTINFORM


 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.