Адамсыз автокөлік әйелді басып өлтірді
Пилотсыз автокөлік әйелді басып өлтірді

Пилотсыз автокөлік әйелді басып өлтірді

Бұл өлімге әкеліп соқтырған пилотсыз автокөліктің бірінші жол-көлік апаты.

Убер компаниясы  автономсыз режимдегі қозғалысты басқаратын автокөліктермен тәжірибе жасауды тоқтататын болды. 

2018 жылдың 19 наурыз күні түнде АҚШ-тың Аризона штатында пилотсыз автокөліктің қатысуымен жол апаты орын алды.

Uber компаниясының пилотсыз автокөлігі әйелді қағып өлтірді.

Жедел ауруханаға жеткізілген 49 жастағы Элейн Херцберг алған ауыр жарақаттарынан көз жұмды. 

Полицияның айтуынша, Элейн жаяу жүргіншілерге арналған жолдан сәл алысырақ жерде жолдан өтіп бара жатқанда көлік қағып кеткен.

Бір таңқаларлығы, автокөліктің ішінде жүргізуші отырғанымен, техника автономды басқарылған екен.

Бұл адам өліміне әкелген пилотсыз автокөліктің алғашқы жол-көлік оқиғасы.

 

Серіктестер жаңалықтары