{metadescription}
ВИДЕО: Тотықұс атақты капитанның әнін орындап берді

ВИДЕО: Тотықұс атақты капитанның әнін орындап берді

Тотықұстың атақты фильмдегі әуенді айнытпай орындай алады екен. 

Мына бейнежазбада тотықұс "Кариб теңізінің қарақшылары" және "Жұлдызды соғыс" картиналарындағы әуенді орындап тұр. 

Әдетте бір сөзді ғана қайталап айтуға шебер тотықұстың бұл өнері кімді болсын сүйсіндірмей қоймайды. 

Жалпы, жануарлардың ішіндегі ең ақылды құ - тотықұс.

Тотықұстың мойны қысқа, басы үлкен, тұмсығы мықты. Қатты жемісті жара алады.

Ең кішкентай тоқылдақ тәрізді тотылардың дене тұрқы 8 см болады.

Олар адамдарға еліктеп сөйлей алады. Тотылар 1000-ға жуық сөздерді жаттай алады. Есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Адамнан естіген сөздердің мағынасын түсінбесе де қайталайды. Жалпы тропикалық аймақтарда, табиғи жаңбырлы орманды жерлерде мекендейді. Ұяларымызды ағаш қуысына, жартастардың  жарықтарына салады. Тотытәрізділер қолға тез үйренеді, сондықтан оларды көп жағдайда экзотикалық құс ретінде үйде, торда ұстайды. 

Айта кетсек, Австралияда тотықұстарға арналған арнайы мектеп бар. Онда құстарды сөйлеуге үйретеді.

Ал Америкада Бейби есімді тотықұс полиция қызметкеріне көмек көрсеткен. Белгілі бір бизнесменнің пәтеріне басып кіріп, тонап кеткен кезде оқиға орнында болған тотықұс полиция қызметкерлерінің көзінше ұрлықшы қылмыскерлердің бірінің есімін атап берген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.