Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ФОТО: Үнді қызы смартфоны жарылып мерт болды
Үнді елінің қызы Ума Орам ұялы телефон арқылы сөйлесіп тұрғанда, кенеттен байланыс құралы жарылып кетті.
14:00 20.03.2018
Оқыс оқиға Одиша штатындағы Керьякани ауылында болды.
18 жастағы Ума Орам гаджетін қуаттайтын құрылғыға қосып, сосын үй ішіне телефон шалған екен.
Сөйтіп телефонмен сөйлесіп тұрғанда смартфоны жарылып кеткен.
Қыз бірнеше жерінен жарақат алды: қол-аяғы, кеудесі қатты күйіп кеткен.
Ол бірден есінен танып қалды, ал оқиға орнына келген дәрігерлер оны аман алып қала алмады.
Ума ауруханаға барар жолда қайтыс болды.
Қайтыс болған қыздың ағасының айтуынша, телефон 2010 жылы шығарылған Nokia 5233.
Финляндия компаниясының өкілдері мерт болған қыздың отбасына көңіл айтты. Жағдайды егжей-тегжейлі тексеру үшін Уманың мүрдесі сараптамаға жіберілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram