{metadescription}
ВИДЕО: Димаш Құдайберген қытайлық телесериалдың саундтрегін орындады

ВИДЕО: Димаш Құдайберген қытайлық телесериалдың саундтрегін орындады

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген қытайлық телесериалдың саундтрегін орындады.

Қытайлық Sina Weibo (Туиттердің баламасы) әлеуметтік желісіндегі ақпараттардың хабарлауынша, Димаштың орындауында «Restart My Love» әні қытайлық «Махаббат және идол» атты жаңа телесериалдың саундтрегі. 

Айта кетейік, саундтрегтің толық нұсқасы жергілікті уақытпен 19 наурыздан 20 наурызға қараған түні барлық қытайлық музкалық платформаларына шығарылып, аз уақыттың ішінде ТОП әндердің көшін бастады.

Еске салайық, Димаш Құдайберген өткен жылы Қытайдың «Singer2017» ән байқауына қатысып 2-орынды жеңіп алды.

Сондай-ақ, отандасымыздың ерекше дауысы қытайлық тыңдармандардың жүрегін жаулап, аз уақытта сол елдегі ең танымал әншіге айналды.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде