Ибрагимович өзін Құдай деп айтуды талап етті
Ибрагимович өзін Құдай деп айтуды талап етті

Ибрагимович өзін Құдай деп айтуды талап етті

Швециялық шабуылшы Златан Ибрагимович  өзін патша емес құдай деп айтуын талап етті.

Бұл туралы  бұған дейін "Пари Сен-Жермен" сапында бірген ойнаған, бүгінде немістің "Шальке" клубының намысын қорғап жүрген жартылай қорғаушысы Бенжамен Стамбули айтты. 

"Біз залда жұмыс жасап жатқан кезімізде француз тілшілері түсірілімге келді. Сюжет оған арналғандықтан Златан маған ар жақта не айтып жатқанын түсіндіріп беруімді сұрады. Журналисттер " Париж королі" деп атап жатқанын жеткіздім. Мен ол қуанады деп ойладым, себебі, адамдар оны өте қатты жақсы көретін.Ал ол ашуланып "бұл не сандырақ мен патша, емес құдаймын. Бұл жігіттің дені сау емес", - деді Стамбули  Goal.com. сайтына.

Ибрагимович ПСЖ сапында 2012 және 2016 жылдары өнер көрсетіп, клуб тарихындағы үздік сұрмерген атанды. Бірақ кейіннен бұл рекордты Эдисон Кавани жаңартты. Стамбули болса париждік клубтан швед шабуылшымен бірге кетті. Қазіргі уақытта Ибрагимович ағылшындық "Манчестер Юнтайтед" клубы сапында ойнайды.

ДЕРЕККӨЗ: Vesti.kz 

Серіктестер жаңалықтары