Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: Шабуылшы есінен танып қалды
Ред Булл Зальцбург" сапында өнер көрсететін шабуылшы Мунас Даббур Авсртия біріншілігінде "Аустриа" командасына қарсы өткен ойында есінен танып қалды.
17:24 20.03.2018
Оқиға ойынның екінші таймында болды. Даббур қонақтардың жартылай қорғаушысы Штефан Штанглмен ойын барысында басы соғысып, төрт минут шамасында есін жия алмай жатты.
Бұл оқиғадан кейін Даббурды зембілге салып ойын алаңынан алып кетіп, шұғыл түрде ауруханаға жеткізді.
Кештеу футболшының өміріне қауіп жоқ екендігі белгілі болды.
Дегенмен ол жақын уақыт аралығында ұлттық құрама сапында өткізуі тиіс ойындарды жіберуге мәжбүр.
Оның аздаған шайқалу алғаны анықталды.
Биылғы маусымда Даббур Австрия біріншілігінде 24 ойынға қатысып 16 гол салған.
ДЕРЕККӨЗ: Vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram