Түбінде Наурыз негізгі жаңа жылдық мереке болады – Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықты Наурыз мейрамымен құттықтады.
12:50 21.03.2018
«Наурыз мейрамы құтты болсын! Менің жарлығыммен бұл мейрамды 3 күн тойлаймыз. Бұл – бағзы заманнан келе жатқан мереке. Тәуелсіздік алған соң елімізге аталған мейрам қайта оралды. Бұл мейрам түбінде біздің негізгі жаңа жылдық мерекеміз болады», - деді президент Астанадағы Конгресс орталықтағы мерекелік шара аяқталған соң.
Президенттің айтуынша, аталған мейрам табиғат пен қоғамның жаңаруын, Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін әспеттейді.
Сонымен қатар, Елбасы осы жылдардың ішінде біраз табыстарға қол жеткізгенін, бірақ соған қарамастан әлі де алда атқарар жұмыстар көп екенін айтты.
«Тәуелсіздіктің 26 жылының ішінде біз көп шаруаны бітірдік. Оның барлығы ел бірлігінің арқасы. Қазірдің өзінде әлемде болып жатқан өзгерістерге байланысты бізде арнайы бағдарламалар бар. Технологиялық революция деп жатырмыз. Оған да арнайы бағдарлама бар. Рухани жаңғыру бағдарламасын осыған дейін атап өттім. Жақында мен халыққа «5 әлеуметтік бастама» туралы үндеу жарияладым», - деді Мемлекет басшысы.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!