{metadescription}
ФОТО: Аягөзде үйсіз қалғандарға пәтер берілді

ФОТО: Аягөзде үйсіз қалғандарға пәтер берілді

Аягөз қаласында қызыл судан зардап шеккен отбасылардың алғашқы легі баспана кілтін алды.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов ауданға арнайы келіп, үйлерді аралап, жеке өзі тексеріп шықты. Халықтың қуанышына ортақтасқан аймақ басшысы тартуын да жасап, әр шаңыраққа теледидар табыс етті.

Естеріңізге сала кетсек, 11 наурызда Аягөз қаласында кіші өзен суы арнасынан асып, нәтижесінде 189 үй зардап шеккен еді. Сегізі қирап, жалпы саны 32 үй бүгінде мүлде тұруға жарамсыз деп танылды. ШҚО әкімі Даниал Ахметов тапсырмасы бойынша бір апта ішінде 49 млн 500 теңгеге 12 үй сатылып алынып, құжаттары ресімделді.

Айта кету керек, ауданға бүгінде 34 млн 255 мың теңгеге гуманитарлық көмек көрсетілді. Атырау, Алматы, Павлодар облыстарынан да азық-түлікпен қатар, құрылыс материалдары жеткізілді.

Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстанның «Парыз» қорынан жолданған 100 млн теңгені қосқанда «Аягөз Болашақ» ҚҚ 169 млн теңге түсті. Жиналған бар қаражат пен гуманитарлық қорды қоғам белсенділерінің қатаң бақылауымен тек мақсатты іске жұмсауды тапсырды Даниал Ахметов.

Өз кезегінде аягөздіктер аз уақыт ішінде атқарылған жұмысқа, әсіресе күллі Қазақстан халқының ауызбіршілігіне ризашылығын білдірді.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, аймақ басшысы Даниал Ахметов Аягөз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріліп, алдағы таңда инфрақұрылымын жаңарту жұмысы аяқталып, су мәселесі түбегейлі шешілетінін жеткізді.

Дереккөз: Baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.