Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бейтаныс нөмірге смс жіберген жігіт өмірлік махаббатын тапты
Британиялық Майкл Эванджело байқаусызда бейтаныс бойжеткенге хабарлама жіберіп, онымен танысып, бас қосқан.
14:45 21.03.2018
Ұлыбританияда бұрын-соңды болмаған қызық оқиға орын алды.
Автокөліктерді сатумен айналысатын компанияның менеджері Майкл Эванджело Watsapp месенджері арқылы өзге номерге хабарлама жіберіп, өз сүйіктісін кездестірген.
Телефон жөнді термеу сияқты осындай «келеңсіз» жағдай өмірлік серігімді кездестіруге түрткі болды дейді ағылшын азаматы.
Негізінен мұндай кездейсоқ жағдай Майклдың өз телефон номерін қалта телефонында дұрыс сақтамауы салдарынан болған екен. Ол «Керемет қыздар» фильмінің атын ұмытып қалмау үшін, киноның атын өз-өзіне Watsapp-қа жөнелткен екен.
Бірақ әлгіндей номерлі телефоннан Лина есімді бойжеткен жауап жазған. Ол «Сәлем, бұл кім?» деген. Алғашында аталған хабарламаға жауап бермеген Майклға, ертесінде арудың өзі «Сіз қателескен боларсыз» деп жазады.
Майкл Эванджело бастапқыда мән-жайды түсінбегенімен, кейін оның бейтаныс ару екенін біледі. Осылайша, бірер сағат телефонмен сырласқан олар, кездесу туралы шешім қабылдайды. Ал, екі аптадан кейін үйлену тойын жасап, қос жұп шаңырақ құрады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram