{metadescription}
ВИДЕО: 260 мың доллар тұратын көлік талқандалды

ВИДЕО: 260 мың доллар тұратын көлік талқандалды

Британдық кәсіпкер Захид Ханның 260 мың долларлық Ferrari автокөлігін полиция қызметкерлері талқандаған.

Бұл оқиғаны бейнекамераға түсіріп алған ол, өзінің Фейсбук парақшасына жүктеді.

Өткен жылдың мамыр айында Захид Хан мінген қымбат Ferrari автокөлігін полиция қызметкерлері тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексермек болған тәртіп сақшыларына кәсіпкер куәлігін ұсынудан бас тартты.

Нәтижесінде, полицейлер көлікті Бирмингем сотының тұрағына, ал оның иесін полиция бөліміне алып кетуге мәжбүр болды.

Оқиға Англияның батысындағы Уэст-Мидлендс графтығында орын алған.

Бір айдан кейін Захид Хан барлық құжаттарын жинап көлігін алып кетуге келгенде, Ferrari-дің тұрақта жоқ екенін аңғарған. Енді ол көлігінің талқандалғаны үшін Жоғарғы сотқа жүгініп, тиісті қаражатты алуға ниетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде