{metadescription}
Петропавлда жатақхана өртеніп, 150 адам эвакуацияланды

Петропавлда жатақхана өртеніп, 150 адам эвакуацияланды

Петропавлда жатақханалардың бірінде тұтанған өрт салдарынан 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, кеше кешкісін 5-қабаттағы бөлмелердің бірінен өрт шығып, 4 және 5-қабаттар қара түтінге оранған.

Жоғарғы қабаттардың тұрғындары автобаспалдақтың көмегімен, қалған тұрғындар баспалдақ арқылы эвакуацияланған. 

Жалын шарпыған пәтердің тұрғындары, соның ішінде 4 жасар бала құтқарылды. Зардап шеккендерді қайта іздестіру кезінде тағы екі адам табылды.

Есікті бұзып кірген өрт сөндірушілер жана бастаған газ баллонын сөндіріп, жарылыстың алдын алды. 

«Жалпы бес адам, соның ішінде бір бала құтқарылды. Жалпы 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың 25 - балалар. Газ баллонының жарылу қаупі жойылды. Жалын 17 шаршы метр ауданды шарпыды, үй-тұрмыстық заттар, жиһаздар жанған. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр», - деп мәлімдеді СҚО ТЖД баспасөз қызметінен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.