{metadescription}
ФОТО: Досымен ойнаймын деп өлтіріп алды

ФОТО: Досымен ойнаймын деп өлтіріп алды

Үндістанда фанера жасап шығаратын зауыттың жұмысшысы өзінің 40 жастағы әріптесімен ойнамақ болып, абайсызда өлтіріп алды.

Ол әріптесінің тік ішегіне компрессор түтікшесін тығып алған.

Дели қаласына жақын орналасқан фанера өңдейтін зауыттың жұмысшысы Аньян Мисра өзінің 40 жастағы Равиндер есімді әріптесін өлтіріп алды.

Белгілі болғандай, Равиндер жұмыс кезінде ылғи жыртық киім киіп жүрген. Ал оның әріптесі Аньян Мисра онымен ойнамақшы болып, компрессор түтікшесін Равиндердің тік ішегіне тығып жібереді.

Нәтижесінде, ойынынан өрт шыққан Аньян досының ішкі ағзаларына аса ауыр жарақат әкелген.

Дереу ауруханаға жеткізілген Равиндердің өмірін дәрігерлер сақтап қала алмаған. Оның сансыз ішкі жарақаттары оған өмір сүруге мүмкіндік бермей, ол сол күні жан тапсырған.

Болған оқиғадан кейін, зауыт жұмысшылары Аньянды дереу ұстап, полиция бөліміне өздері апарған. Қазіргі таңда, тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларын тексеріп жатыр.

Айта кетейік, марқұм болған жұмысшы Аньянға екі жыл бұрын жұмысқа орналасуға көмектескен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.