{metadescription}
Қазақстандық әйел АҚШ-та марапатқа ие болды

Қазақстандық әйел АҚШ-та марапатқа ие болды

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті International Women of Courage Award-2018 сыйлығының иелерінің тізімін жариялады.

Аталған сыйлық әр елдегі ерлік көрсеткен әйелдерге беріледі. Биыл жеңімпаздар арасында қазақстандық қорғаушы Айман Омарова бар.

23 наурызда International Women of Courage Award-2018 сыйлығы 10 әйелге берілетін болады. Сыйлықты АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Салливан табыстайды.

Марапаттау рәсімінде АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп сөз сөйлейді.

«International Women of Courage Award сыйлығы 2007 жылдан бері ерлік танытқан әйелдерге беріліп келе жатыр. Сол уақыттан бері АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті сыйлықты 65-тен аса елдегі 120 әйелге табыстады», – делінеді Мемлекеттік департамент хабарламасында.

Айман Омаровадан бөлек, аталған сыйлыққа Ауғанстан, Гватемала, Гондурас, Ирак, Косово, Мавритания, Таиланд және Италия мемлекеттерінің әйелдері лайық деп танылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде