Әйел сәбилерін 10 жыл бойы мұздатқышта тығып келген
Францияда 38 жастағы әйел жүкті екенін 10 жыл бойы күйеуінен жасырып келген.
12:35 23.03.2018
Ал жаңа туған сәбилерінің денесін мұздатқышта сақтапты.
38 жастағы әйелдің қыздарының бірі мұздатқыштан сәбидің қатып қалған денесін тауып алған. Ол бұл туралы бірден әкесіне айтыпты. Өз кезегінде әкесі полицияға хабарлаған.
Анықталғандай, сәби 2 тәулік бұрын дүниеге келген екен. Медицина қорытындысына сәйкес, сәбидің аман қалуға мүмкіндігі бар еді.
Тәртіп сақшылары пәтерге тінту жүргізіп, тағы 4 сәбидің қатып қалған денесін тапқан.
Полицейлер ерлі-зайыптыны тұтқындады. Алайда ер адам әйелінің 2005-2015 жылдар аралығында жүкті болғанын білмегендіктен, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Қазіргі уақытта соттың талқылауы болып жатыр. Әйел өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!