Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Өлтірілген қыздың әкесін тергеу изоляторына алып кетті
Тәртіп сақшылары Қостанай қаласында өлтірілген 9-сынып оқушысының әкесін тергеу изоляторына алып кетті.
10:30 27.03.2018
Облыстық аурухананың бас дәрігері Юрий Моисеев айтқандай, өлтірілген қыздың әкесі бүгін түстен кейін шығарылды.
«Оған ота жасалды. Тиісті емдеу шаралары қолданылды. Оны бүгін түстен кейін полицейлер алып кетті», - деді Ю. Моисеев.
Еске салсақ, 17 наурызда Қостанайда №11орта мектептің 9 сынып оқушысын өлтіріп кеткен болатын. Сол күні оқушының әкесі дене жарақатымен облыстық ауруханаға түсті.
Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь хабарлағандай, оқушының өліміне қатысты іс бойынша ҚР ҚК 99-бабымен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Күдікті белгілі болды. Ол - 44 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны. Ведомствода мәлім етілгендей, оқушының жеке өміріне қатысты мәліметтерін тарату және бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалану ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеп соқтырады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram