ВИДЕО: Жер сағатында 180 мемлекетте қараңғылық басты
«Жер сағаты» - бұл 2007 жылы Сиднейде басталған экологиялық акция.
12:29 27.03.2018
Жыл сайын әлемнің ондаған елдерінде миллиондаған адамдар өздерінің пәтеріне және кеңсесіне әлемнің табиғи ресурстарын сақтау және климаттың жаһандық өзгеруіне жол бермеуді еске салу үшін шамдарын өшіреді. Осы жылы акцияға 180 ел қатысты. Тауэр көпірінде және Эйфель мұнарасында шамдар сөндірілді.
180 елден ондаған миллион адам осы жылы Жер сағаты экологиялық акциясы аясында электр жарығын сөндірді.
Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының жүргізетін акциясы халықты көптеп тарту арқылы жаһандық жылынудың алдын алуға бағытталған. Биыл, Жер сағатында Тауэр көпірінде, Эйфель мұнарасында, Рим колизейінде, Нью-Йорктегі Empire State Building-тегі шамдар өшірілді.
«Бұл алпыс минут - ғаламшардың тұрақты дамуына, мінез-құлық мәдениетін өзгертуге берілген мүмкіндік», - деді Үндістан Қоршаған ортаны қорғау министрі Харш Вардан.
Акцияға Букингем сарайы да қатысты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!