Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ким Чен Ын Қытайға жасырын барып келді
Солтүстік Кореядан брондалған пойыз Пекинге жол тартты.
13:00 27.03.2018
Бұл Қытай аумағында жергілікті пойыздардың кестесінде үлкен іркілістер тудырды.
Сарапшылардың болжамынша, ол КХДР-нің үкіметтік құрылымы отырған брондалған пойыз екен.
Егер ақпарат рас болса, бұл - Солтүстік Корея көшбасшысының Қытайға алғашқы сапары.
Жасырын сапар туралы дерек бірден үш дереккөз, сондай-ақ Bloomberg агенттігі хабарлады. Осы уақытқа дейін сапар жайлы ештеңке айтылмаған.
Сарапшылардың айтуынша, Ким Чен Ын Қытайға брондалған пойызбен келген. Солтүстік Кореяның қазіргі көшбасшысының әкесі де кезінде Пекинге осы пойызбен атанған.
Бұл пойыздың Қытай астанасына келуі Пекин теміржол бекетінің аумағындағы қауіпсіздіктің жоғарылауымен және лимузиндер, полицейлермен білінеді.
Осы сәттің бейнесі Twitter желісінде пайда болды.
Мамандардың айтуынша, бұл сапар солтүстіккореялықтар мен қытайлық тарапқа да пайдалы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram