ВИДЕО: 25 жастағы футболшы матч кезінде қаза тапты
Матч кезінде жүрегі тоқтап қалды.
14:08 27.03.2018
Хорватияның «Марсония» және «Славония» арасындағы үшінші чемпионатының 15-ші минутында «Марсония» ойыншысы Бруно Бобананың кеудесіне доп кеп тиді.
Бруно бірнеше қадам жасап, көгалға ес-түссіз құлап түсті.
Ойыншылар мен медицина қызметкерлері оған дереу көмекке ұмтылды.
Олар қанша көмек көрсетіп, жанталасқанымен, футболшының жүрегі тоқтап қалды.
Футболистің нақты неден өлгенін әзірге жарияламай отыр.
Алайда, алдын-ала мәлімет бойынша, оның жүрегінің ақауы болған деседі.
«Марсонияға» футболшы ақпан айының соңына қарай ауысқан, ал «Славониямен» матч жаңа клубтағы бірінші матч болатын.
0:10 бастап қараңыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!