О, тоба! Шайқасқа қатысқан 200 әтеш түрмеге жабылды
Естімеген елде көп!
14:26 27.03.2018
АҚШ-тың Арканзас штатында үй құстары түрмеге қамалды.
Әтештер шайқасына қатыстырылған 200 үй құсы қамауға алыныпты.
Полициялар әтештерді рейд жасағанда тапқан екен. Құстар әтештер шайқасына қатыстырылған, сол себепті қазір Де-Куин қаласының түрмесіне қамалды.
Олардың тағдырын енді сот шешпек. Әзірге әтештерді сол түрмеде отырғандар бағып-қағуда.
Таң атпай дауыс шақыратын үй құстары түрмедегілердің мазасын алуда.
Құстардан бөлек, тексеру кезінде 137 адам ұсталған, оның 34-іне жануардың қатыстырылуымен заңсыз шайқас ұйымдастырды деген айып тағылды.
Ал қалғандарына құқықбұзушылық пен әтештер шайқасының көрермені болғаны үшін күдік тағылды.
Айта кетсек, бұл темір торға жабылған жануарлар туралы алғашқы оқиға емес.
Былтыр, яғни 2017 жылы Уттар-Прадеш деген үнді штатында түрменің маңайында өсіп тұрған шөптерді жегені үшін 8 есек темір торға қамалдырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары