{metadescription}
ВИДЕО: Туристер көлден 12 метрлік құбыжық көрген

ВИДЕО: Туристер көлден 12 метрлік құбыжық көрген

АҚШ-тың Айдахо қаласынының тұрғыны Дакота Фрэндсен Лох-Несс көлінен 12 метрлік құбыжықты видеоға түсіріп алған.

Лох-Несс көлі Шотландия тауларындағы Аркарт қамалының маңында орналасқан.

Френдсеннің айтуынша, үлкен жануардан басқа, ол бірнеше кішігірім пішіндерді де байқаған. Ол белгісіз тіршілік иесінің балаларына ұқсайды.

«Жануардың терісі сұр түсті, дәл бегемот секілді. Сол сияқты басқа жануарлар да судың бетіне шығып, артынша тез жоғалып кетті», – дейді турист.

«Суда көп жануарлар Несси және оның отбасы болуы мүмкін», – деді Лох Несс өзеніндегі құбыжықтарды ресми тіркеуші Гэри Кэмпбелл.

2017 жылы туристер осымен он бірінші рет құбыжық көргендерін айтты. Бұл сан 21 ғасырдағы ең жоғарғы көрсеткіш болды.

Лох Несс – Шотландиядағы мұздан қалыптасқан терең тұщы су көлі. Су қоймасының ұзындығы 36 шақырымды құрайды. Лох Несс көлінің тереңдігінде құбыжық бар деген аңыз туристер арасында жиі таныла бастады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде