{metadescription}
68 жастағы зейнеткер өзінің жасынан екі есе жас көрінеді

68 жастағы зейнеткер өзінің жасынан екі есе жас көрінеді

Қытайдың Шанхай қаласында тұратын зейнеткер өзінің жасынан екі есе жас көрінеді. Ол көпшілікке өзінің сымбатын сақтау сырымен бөлісті.

68 жастағы Ху Хай өзінің жас көріну себебін белсенді өмір салтын ұстануымен байланыстырды. Ол йогамен айналысады және би билеп ән айтқанды ұнатады.

Ху Хай әсіресе бөксе биін жақсы көреді екен. Зейнеткер оны жергілікті театрларда орындағанын мәлімдеді.

Зейнеткердің пікірінше, әрбір адам үш жасқа ие: биологиялық, психологиялық және физикалық. Ол өзінің психологиялық жасын 20-дан артық емес деп санайды. Сондай-ақ көзінің жеке жасын арнайы машинамен өлшейді екен. Айтуынша, ол қазір 43 жаста.

Ху Хай 1950 жылы туған. Ол жас кезінде тоқыма фабрикасында жұмыс істеп, сахнаға шығуды армандаған.

Ал 40 жасында Ху Хай өз мамандығын өзгертіп, экономист болады. 2016 жылы Шанхайдың егде тұрғындары үшін ұйымдастырылған конкурсқа қатысады. Ол жарыста жеңіске жетіп, "ең сәнді Шанхай атасы" деп танылған. Бұл оған даңқ пен түрлі бағдарламаларға көптеген шақырулар әкеліпті.

Ху Хайдың 37 жастағы қызы бар, бірақ әзірге немерелері жоқ екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.