{metadescription}
ФОТО: 16 жасар атыраулық бойжеткен Қазақстан аруы атанды

ФОТО: 16 жасар атыраулық бойжеткен Қазақстан аруы атанды

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен 21-ші жыл сайынғы «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының финалында 16 жастағы «Атырау аруы» Альфия Ерсайын жеңімпаз тәжін киді.

Сұлулық байқауына еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан 30 бойжеткеннен қазылар алқасы үздік бестікті таңдап алды. 

Олар: 18 жасар «Алматы аруы» Сабина Әзімбаева, 19 жасар астаналық Маймуна Күлкешова, 16 жасар «Атырау аруы» Альфия Ерсайын, 19 жасар «Қарағанды аруы» Екатерина Дворецкая, 17 жасар «Семей аруы» Динара Баймұратова. Содан соң қазақстандықтар тікелей эфир арқылы өткен онлайн және SMS дауыс беру арқылы 2018 жылғы «Қазақстан аруын» таңдады.

ІІІ вице-мисс атағын «Семей аруы» Динара Баймұратова, ІІ вице-мисс атағын астаналық Маймуна Күлкешова, І вице-мисс атағын «Қарағанды аруы» Екатерина Дворецкая, 16 жастағы «Атырау аруы» Альфия Ерсайын «Қазақстан аруы – 2018» атанды.

Жеңімпаз аруға тәжді былтырғы «Қазақстан аруы» қызылордалық Гүлбану Әзімханова тапсырды. «Қазақстан аруы» жеңімпазына ақшалай сыйлық, дәстүрлі қыз жасауы табысталды. Сонымен қатар, жеңімпаз ару танымал брендтермен жарнама келісімшартын бекітіп, Қазақстан атынан «Әлем аруы – 2018» байқауында бақ сынайды. Жалпы байқаудың жүлде қоры 3 млн теңгені құрайды.

Айта кетсек, ұлттық байқаудың финалында әр қаланың жеңімпаз атанған 20 аруы ғана емес, Instagram-кастингі арқылы іріктелген 10 бойжеткен де қатысып жатыр. Әлеуметтік желідегі кастинг ақпан айында өткен болатын. Оған 17 мен 25 жас аралығындағы қыздар қатысты.

Жыл сайын Қазақстанның ең сұлу аруы желтоқсан айының соңында таңдалатын. Биыл 21 жыл ішінде алғаш рет ұлттық байқау финалы 31 наурызда өтіп жатыр және табиғаттың жаңару мейрамы – Наурызға арналып отыр.

Байқау билеттерін сатудан түскен қаражат Астанадағы қайырымдылық шараларға жұмсалды.

Дереккөз: Baq.kz 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.