{metadescription}
ШҚО: Жел құлатқан ғимараттың шатырынан екі бала зардап шекті

ШҚО: Жел құлатқан ғимараттың шатырынан екі бала зардап шекті

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер  қаласында қатты дауыл екі қабатты ғимараттың шатырын ұшырып әкетті.

Оқыс оқиғадан екі бала зардап шекті. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады. 

«30 наурызда сағат  20.00-де қатты жел (екпіні 20 м/с жетті) Риддер қаласындағы Дрейман көшесінің бойында орналасқан екі қабатты ғимараттың шатырын ұшырып әкетті. Салдарынан 2007 және 2008 жылғы екі бала зардап шекті», - деп хабарлайды ТЖК.

Балалар ауруханаға жатқызылған.

Сол күні, қатты жел қалада Луговая көшесінің бойындағы мектептің шатырын құлатты. Ғимараттың 40 шаршы метр жабындысы қирады. Оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Дереккөз: Қазақпарат


 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде