Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ШҚО: Жел құлатқан ғимараттың шатырынан екі бала зардап шекті
Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында қатты дауыл екі қабатты ғимараттың шатырын ұшырып әкетті.
10:00 02.04.2018
Оқыс оқиғадан екі бала зардап шекті. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.
«30 наурызда сағат 20.00-де қатты жел (екпіні 20 м/с жетті) Риддер қаласындағы Дрейман көшесінің бойында орналасқан екі қабатты ғимараттың шатырын ұшырып әкетті. Салдарынан 2007 және 2008 жылғы екі бала зардап шекті», - деп хабарлайды ТЖК.
Балалар ауруханаға жатқызылған.
Сол күні, қатты жел қалада Луговая көшесінің бойындағы мектептің шатырын құлатты. Ғимараттың 40 шаршы метр жабындысы қирады. Оқиғадан ешкім зардап шекпеді.
Дереккөз: Қазақпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram