Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шымкентте балмұздақтан уланғандар саны 188 адамға жетті
Оңтүстік Қазақстан облысында балмұздақтан уланып қалғандардың саны 188 адамға жетті.
17:07 02.04.2018
Бұл туралы Шымкент қалалық Жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ғалымжан Айнабеков айтты.
«Біздің ауруханаға 28-29 наурыз күндері 36 адам түсті. 30 наурыз күні - 79, 31 наурызда - 52, 1 сәуірде тағы 20 адам түсті. Жалпы кешеден бері науқастардың түсуі саябырсыған сынды. Барлығы 188 адамды құрап отыр. Кеше алты науқасты шығардық. Бүгін шамамен 35-40 ауруды шығарамыз деп жоспарлап отырмыз. Жағдайлары тұрақталды»,- деді Ғалымжан Айнабеков.
Еске салайық, Шымкенттегі «Южное» сауда орнынан балмұздақ алып жеген тұрғындар жаппай уланып, қалалық Жұқпалы аурулар ауруханасына түскен болатын. Осыдан кейін балмұздақ сататын орын уақытша жабылып, оқиға орнында Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тексеру шараларын жүргізді.
Өңірдің Ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарымен айналысуда.
Бүгін ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев ауруханаға барып, науқастардың қал-жағдайын біліп қайтқан болатын.
Сондай-ақ, орын алған жағдайға байланысты облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы құрылып, қызметтік тексеру шаралары басталды. Науқастардың хал-ахуалы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының жіті қадағалауына алынды.
Облыс әкімі науқастардың тез арада сауығып кетуіне барлық жағдайларды жасау керектігін ескертіп, жауапты басқармаға қосымша дәрігер мамандарды тартуға тапсырма берген болатын.
Дереккөз:ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram