ВИДЕО: Маңдайына ұрымын деп ойып тұрып жазылған ұрлықшы ұсталды
Дүкеннен дезодорант ұрламақ болған 18 жасар жігіттің "жолы болмады".
10:00 03.04.2018
Бұл 18 жастағы Руан Рочи да Силваның алғашқы ұрлығы емес.
Өткен жылы ол велосипед ұрламақшы болып қолға түскен. Оны дүкеннің қожайындары ұстап алған болатын. Дүкен қожайындары оны жазаламақ ниетпен жігіттің маңдайына "Мен есуас ұрымын" деген тату жазып тастаған.
Бірінші рет ұрлық жасағанда Руанға жаза қолданылмаған. Ал зардап шеккендердің жолы болмады. Оларды полиция ұстап алып, сот шешімімен 3 жылға түрмеге қамалған.
Бұл жолы 18 жастағы ұры 5 дана дезодорантты қолды қылмақ болған жерде ұсталды. Ұрлаған затын сатып, есірткі сатып алмақ болған көрінеді.
Өйткені оның ағасы Руанның кокаинге тәуелді екенін айтты.
Енді ұры жігіт Бразилияның Сан-Паулу қаласында сот шешімін күтуде. Әзірге 1000 бразильдік реал кепіл төлеп, еркіндікте жүр.
Источник: Fishki.net
.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!