{metadescription}
Баласын бөгде адамға тастап кетті

Баласын бөгде адамға тастап кетті

Ақтөбеде 32 жастағы келіншек туған баласын танымайтын адамға тастап кетіпті.

26 наурыз күні ақтөбелік бір тұрғын полицияға хабарласып, мүлдем танымайтын əйел кішкентай сəбиін оған тастап кетіп қалғанын айтты.

Аталмыш оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы ("Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.

Бір қызығы, ертесінде  айтылған əйел табылды.

 Дегенмен істің мән-жайы айтылмайды. 

"27 наурызда жедел іздеу шаралары барысында нәрестенің шешесі анықталып, істің мән-жайын анықтау үшін жауап алынды.

Қазір сəби  "Үміт" бөбектер үйіне жіберілді", - деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі. 

ФОТО:   pixabay.com

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде