Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
БҚО-да тағы бір жолды су басты
Батыс Қазақстанда тағы бір жолды су басты.
13:26 03.04.2018
БҚО ТЖД баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, кеше сағат 16:35-те Қаратөбе ауданында аудандық маңызы бар Қаратөбе-Қарақамыс жолының 3-шақырымында қатты еріген қар суы жолдың үстіне шығып кеткен.
Судың ені 20 метр, тереңдігі 20-30 см болған. Жергілікті атқарушы органдармен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде 40 қызметкер мен 5 техниканың көмегімен инертті материалдары бар 1800 қап төселген. Бұл жолдан басқа айналма жол да бар, ол жақын елді мекендермен қарым-қатынасты үзбеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде аталған жолға кезекшілік қойылған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын 28 наурыз күні Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылдық округі аумағында облыстық маңызы бар жолдың үстіне су шығып кеткен.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram