Қазақстанда ең төмен күнкөріс деңгейі қанша
2018 жылғы наурызда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 26196 теңгені құрады.
16:41 03.04.2018
Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы наурызда өткен аймен салыстырғанда 0,7 пайызға, ал өткен жылдың наурызына қарағанда 16,7 пайызға жоғарылаған.
«Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,8, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаға - 15,7, жемістер мен көкөністерге - 10,2, нан және жарма өнімдеріне - 7,3, қант, шай және дәмдеуіштерге 2 пайызды құрады»,- делінген министрлік мәліметінде.
Дереккөз:ҚазАқпарат
ФОТО: Заира Сабитова
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!