Ірі жол апатынан 20 адам қайтыс болды
Мысыр астанасы Каир қаласының оңтүстігіндегі трассада сәрсенбі күні кешке ірі жол апаты болып, жиырма адам қаза тапты.
09:51 05.04.2018
Ақпаратқа сүйенсек, қайғылы оқиға шөлде орналасқан трассада болған. Бұл жол Мысырдың оңтүстігіндегі Сохат және Асьют қалаларын біріктіреді.
Алдын ала деректерге қарағанда, ішінде жолаушылары бар микроавтобус пен жүк көлігінің жүргізушілері жылдамдықты асырғаны үшін соқтығысып қалуы мүмкін.
Еске сала кетсек, Мысырдың жол инфрақұрылымы өте төмен деңгейде.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, жыл сайын Мысырда жол апатынан 12 мың адам қайтыс болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!