ВИДЕО: Танымал актриса халық алдына сүлгі оранып шықты
Танымал Голливуд жұлдызы, америкалық актриса Дженна Фишер телевизиялық шоуға монша сүлгісін орап, киімсіз келді.
11:43 05.04.2018
Ол берген сұхбат YouTube желісінде тарап, жұрттың талқысына түсті.
Актрисаның сөзіне сүйенсек, ол аталмыш бағдарламаға киініп жатқанда көйлегінің сыдырма түймелігі сынып қалыпты. Осыған қарамастан, уәде етіп қойған жерінен қалмас үшін, сүлгіге оранып келе салған.
"Маған өте ыңғайлы және бір жағынан сондай ыңғайсыз болып тұр. Мен сүлгі оранып келгенім үшін қобалжып отырмын. Бірақ физикалық тұрғыда өзімді сондай жайлы сезініп тұрмын", - дейді Фишер.
Жұртқа көйлегінің ағытқышы түсіп қалғанын дәлелдеу үшін, ол тіпті, киімін өзімен бірге ала келіпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!