{metadescription}
ВИДЕО: Той алдында күйеу жігітті сабап тастады

ВИДЕО: Той алдында күйеу жігітті сабап тастады

Қытайдың Шаоян қаласында той алдында өткізілген салт-дәстүр желі қолданушыларын шошытты.

Желіде таралаған кадрларда тұрғындардың жігіттің жарасына тұз сеуіп жатқаны байқалады. Болған жайтқа қатысты қалыңдық пен күйеу жігіт пікір білдіруден бас тартқан.

Ал жергілікті полицияның мәліметінше, зардап шеккен адамның ешқандай арыз-шағымы жоқ. Себебі, ол бұл дәстүрге ерікті түрде қатысқан.

Соққыға жығылған ер адам дәрігер көмегіне жүгінгенімен, ертесіне өз тойында ештеңе болмағандай көңіл көтеріп жүрген.

Ал желі қолданушыларын дүрліктіріп жүрген бұл дәстүр той алдында күйеужігіт үшін жасалатыны белгілі болды.

"Бұл күйеу жігітке неке деген оңай дүние емес екенін, сондықтан отбасылы болған соң шаңырақтың шайқалмауын қадағалау оның басты міндеті екенін есіне салатын жергілікті дәстүр", - дейді тұрғындардың бірі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.