{metadescription}
Даусынан айырылған миллиардер ұрысудың жаңа амалын ойлап тапты

Даусынан айырылған миллиардер ұрысудың жаңа амалын ойлап тапты

94 жастағы Самнер Редстоун ауыр дерт кесірінен сөйлеу қабілетінен айырылып қалған.

Үнемі ашулы болып жүретін миллиардер жұмысшыларына ұрысудың жаңа амалын ойлап тапты. Ол енді қол қарамағындағыларға өз наразылығын iPad арқылы жеткізетін болған.

Viacom конгломератының басшысы жұмысшыларына iPad қосымшасы арқылы өз айқайын жеткізіп тұрса керек. Оның гаджетіндегі жылдам теру функциясында «Ия», «Жоқ» және «Жоғал» деген сияқты сөз тізбектері арнайы орнатылған.

Қазіргі таңда медиамагнат компаниясының CBS корпорациясымен қосылу мәселесі қарастырылып жатыр. Оны талқылау барысында Редстоун электронды көмекшісін қолданды ма, жоқ па белгісіз.

Айта кетейік, Самнер Редстоунға тиесілі Viacom құрамына MTV Networks-тің кабельді және спутниктік телевизиясы кіреді. Кәсіпкердің жеке үлесіндегі байлығы 5,1 миллиард долларды құрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.