{metadescription}
ФОТО: Бойжеткен анасы ауырып қалғаннан кейін, 140 келіден арықтаған

ФОТО: Бойжеткен анасы ауырып қалғаннан кейін, 140 келіден арықтаған

24 жастағы Тейна Пачеко Барбоза әлі күнге дейін өз денесін қабылдай алмай жүргенін айтады.

Себебі ол бала кезден артық салмақтың зардабын шегіп келген. Сондай-ақ, семіздік Тейнаның қанында бар.

Барбоза есін білгелі толық адамдарға арнап киім үлгілерін жасайтын дизайнер болып жұмыс істеп келеді. Оған өз басындағы жағдай себеп болған.

Алайда Тейна 18-ге толғанда жағдай өзгерген. Анасын жедел жәрдем әкетіп бара жатқанын көрген соң, бойжеткен сұм жағдайды алдын алу керектігін түсінген.

Қазір Барбоза артық салмағынан арылған. Осыдан алты жыл бұрын оның салмағы 140 келі болды деп айту қиын.

Бразилиялық қыздың анасы жүрек талмасына ұшыраған. Барбоза сол сәтте әжесінің де артық салмақтың кесірінен жүректен кеткенін еске алды. Бойжеткен сұм тағдырдың өзін де айналып өтпесін білді.

Тейна өзгеріске апаратын қадамды диетадан бастады. Ол майлы, тәтті және ұн тағамдарынан бас тартты. Осылайша 140 келі салмағының тең жартысынан арылды.

Бұдан кейін, бойжеткен асқазанын тарылту отасын жасатты. Қуанышқа орай, хирургиялық ота сәтті өтті. Алайда бұдан кейін қыз өзге проблемамен бетпе-бет келген. Салбырап қалған тері салмағынан арылу қажеттігін түсінген ол ақырында шешім қабылдаған-ды.

Тейна жалғыз операциямен проблемадан құтыла алмайтынын түсінген. Бүгінде ол тұрақты түрде спортпен айналысады. Сондай-ақ, аруларға массаж қабылдап тұруға кеңес береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.