{metadescription}
0:000:00

ВИДЕО: Алматыда тұрғын үй өртке оранды

Алматыда 5 қабатты үй өртеніп жатыр. 

5-ші сәуір күні сағат 16:03-те Алматы қаласы ТЖД-не Көкжиек шағын ауданындағы № 32 үйдің балкондары өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. 

Өрт сөндірушілер шақырылған жерге сағат 16:10-де дереу жетті.

«Өрт сөндірушілер келгенде бес қабатты тұрғын үйдің балкондары жанып жатты. Өрт сөндірушілер тұрғындарды эвакуациялап, өртті сөндіруге талпынды. Өрт болған жерде шұғыл штаб құрылды. Жалынды тоқтату үшін аталмыш үйді айнала 2 әскери участок құрылды», — делінген хабарламада.

Төтенше жағдаймен күресуге 82 өрт сөндіруші, 25 техника жұмылдырылды.

Таратылған мәліметке сенсек, 300 тұрғын өртеніп жатқан үйден көшірілді, оның ішінде 52-сі - балалар.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.