Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әйгілі актер 20 жыл бұрынғы қылмысы үшін сотталып кетті
Болливудтың ең танымал актерларының бірі Салман Ханды Джодхпур қаласының соты браконьерлікпен айналысты деп айыптады.
08:34 06.04.2018
Актер бұл қылмысты осыдан 20 жыл бұрын жасаған екен.
Сотта 1998 жылы жасалған қылмыс қаралған. "Бізді айыру мүмкін емес" фильмінің түсірілімі кезінде Салман Хан мен оның кинодағы әріптестері иірмүйізді киіктерді аулаумен айналысыпты.
Әріптестері деп отырғанымыз: Саиф Али Хан, Табу, Сонали Бендре және Нилам. Сот олардың бәрінің кінәсін дәлелдей алмағандықтан босатып жіберген. Ал, Салман Ханның өзі 5 жылға бас бостандығынан айрылып отыр.
Айта кетейік, Хан Үндістанда тек актерлікпен ғана емес, тележүргізуші болып та жұмыс істейді. Ол елдегі ең танымал актерлардың қатарында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram