Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Джейкобс: Головкинді сабап тастадым
Головкин мен Джейкобс өткен жылдың 19 наурызында жекпе-жек өткізіп, қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.
09:34 06.04.2018
Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы реваншқа шыққысы келетінін айтты.
"Реванш туралы ой маған қосымша күш береді. Алғашқы жекпе-жекте GGG-ді "сабап" тастадым. Реванш менің жоспарымда бар екенін бәрі жақсы біледі. Мұны жасырудың еш мәні жоқ!", — деп келтіреді Джейкобстың сөзін Matchroom Boxing компаниясының Твиттердегі парақшасы.
Айта кетейік, Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы рематч 5 мамырға жоспарланған болатын.
Алайда ақпан айында Канелоның қанынан допинг табылып, соның салдарынан мексикалық боксшы жекпе-жектен бас тартты.
Дереккөз: Prosports.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram