Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қостанайдағы ойын-сауық орталығынан өрт шықты, зардап шеккен адам бар
Ер адам қолының білезік тұсын күйдіріп алған, оған медциналық көмек көрсетілді.
10:54 06.04.2018
Қостанайдағы MART сауда және ойын-сауық орталығынан өрт шығып, күзетшілердің бірі зардап шекті.
Өрт бүгін таңертең сағат алтының шамасында жертөледегі дәріханадан шыққан.
Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметі хабарлағандай, компьютердің жүйелік блогы мен сөрелер өртенген.
"Өрт 3 шаршы метрге шарпыды. Қызыл жалынды өрт сөндірушілер келгенше MART сауда және ойын-сауық орталығының күзетшісі сөндірді", — деп хабарлады ведомство.
Қостанай қалалық ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымованың мәліметінше, сауда орталығы күзетшілерінің бірінің білезігін бірінші-екінші дәрежелі күйік шалған. Ер адам ауруханаға өзі барып, медициналық көмек алған, ол амбулаториялық жағдайда емделуге жіберілді.
MART сауда және ойын-сауық орталығында бірнеше күн бұрын оқу-жаттығу өткен болатын.
Естеріңізге сала кетейік, екі апта бұрын Кемероводағы сауда ойын-сауық орталығынан өрт шығып, 64 адам қаза болған еді.
Дереккөз: Алау
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram