ВИДЕО: Жұмыс істеуге барған қытайлықтар шу шығарды
Пәкістанның Пенджаб провинциясына жұмыс істеуге барған қытайлықтар жергілікті полицияға қарсы шаубылдады.
13:30 06.04.2018
Тәртіп сақшылары шетелден келген инженерлерге жұмыс лагерінен шығуға тыйым салған.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қытайлық инженерлер Ханевалдағы жұмыс лагерінен шығып, "қызыл шамдар көшесіне" бармақ болған.
Алайда, шетелдік жұмысшыларға қауіпсіздік саласы қызметкерлерінің жанында ғана көшеге шығуға рұқсат етілген екен.
Қытай азаматтары бұл ережеге қарсылық танытып, ереуілге шыққан. Олар жұмысын тоқтатып қойып, полиция қызметкерлеріне шабуылдапты.
Айта кету керек, Қытайдан келген жұмысшылар мен Пәкістан полициясының арасында осымен бірнеше рет шу шығып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!