{metadescription}
Басына қайшы кіріп кеткен әйел өздігінен ауруханаға жеткен

Басына қайшы кіріп кеткен әйел өздігінен ауруханаға жеткен

Қытай тұрғыны басына кіріп кеткен қайшымен бірге ауруханаға дейін жетіп, ақырында аман қалды.

Оқыс оқиға Шэнь Сяоин өз бақшасында жұмыс істеп жүрген кезінде болған.

57 жастағы әйел жеуге жарамды жапырақтарды қырқып алмақшы болған. Ол өсімдікке жету үшін қайшыға бамбук таяғын қайшыға бекітіп қойған-ды.

Бір мезетте таяқ сынып кетіп, қайшы Сяоиннің басына бір-ақ түскен. Қытайлық әйел байсалдылық танытып, автобуспен ауруханаға жөнелткен. Дәрігерлер тез арада әйелді рентгенге түсіріп, қайшының төрт сантиметрге кіргенін және миға тиіп кеткенін анықтады.

Қайшы оның басына 4 сантиметрдей кіріп, миын қырып өткен.

Ауруханада оның басынан қайшыны алып тастау үшін екі рет операция жасалды. Екеуі де сәтті өтті. Әйелдің денсаулығына қатты зақым келмеді. Ол тек өзін әлсіз сезініп, ұйқы қысқанын айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде