Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Конор Макгрегор 11 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
UFC 223 турнирінің қатысушылары отырған автобусқа шабуыл жасаған ирландиялық спортшы Конор Макгрегордың сот ісіне қатысты соңғы мәліметтер белгілі болды.
15:20 07.04.2018
Оқиға кезінде екі жарысқа қатысушы жарақат алып, турнирден кетуге мәжбүр болды. Макгрегордың серігі Артем Лобов та турнирден шеттетілді.
29 жастағы жекпе-жек шеберіне 20 құқық бұзушылық және екі қылмыстық іс бойынша айып тағылып отыр.
Нью-Йорк полициясының есебіне қарағанда, Макгрегорға екі қылмыстық құқық бұзушылығы үшін 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін. Бұл іс бойынша сот отырысы 14 маусымда өтеді. Ал қазірше ММА жұлдызы 50 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі кепілдік сомамен босатылды.
Естеріңізде болса, Макгрегор мен Артем Лобов бастаған топ 20 адам отырған автобусқа шабуыл жасаған еді. Нәтижесінде, Артем Лобов турнирден шеттетіліп, Конордың өзі Нью-Йорк полициясының қолына түскен болатын.
Дереккөз: prosports.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram