{metadescription}
Азық-түліктен шошқа ДНҚ-лары табылып жатыр

Азық-түліктен шошқа ДНҚ-лары табылып жатыр

Тексеруден өткен азық-түлік өнімдерінің шамамен 20 пайызынан шошқа ДНҚ-лары табылған. 

Тексеруді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің зертханалары жүргізген екен.

Ал ДНҚ туралы мәлімет өнім қаптамасында көрсетілмепті.   

Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында жануар тіндерінің сәйкестігін анықтау бойынша 147 азық-түлік өнімдерінің сынамасы зерттеліп, 757 зерттеу жүргізіліпті.

27 сынамадан өнім қаптамасында көрсетілмеген шошқа ДНҚ-сы табылғанын ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтып берді. 

"Зертхана шошқа, ірі қара мал, тауық немесе жылқы ДНҚ-сының ғана емес, ит, мысық, буйвол, ешкі және қой тіндерінің де сәйкестігін тексере алады. Азық-түлік өнімдерінің қауіпсізігін бақылау сатылымға шыққан өнімдерді сатып алу жолымен жүргізіледі", - дейді Бекшин.

Айта кетсек, қазір Кеден одағының техникалық тәртіптері талап сәйкестігіне санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалар жүргізіліп жатыр. 

ФОТО: "Синлаб"


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.